Семейде темір жол салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады

24 Қаңтар 2023, 11:05
1146
Бөлісу:
Семейде темір жол салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады

Семейде ойын-сауық орталығы мен қонақ үй салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады. Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Туризм саласында 41 млрд теңгеге 6 іс-шараны іске асыру, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары (Семей қаласында – 3,7 млрд. теңге), қонақ үй кешені (Семей қаласында – 24 млрд. теңге) және Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасын салу (6,1 млрд. теңге),- деді облыс әкімі.

Оның атап өтуінше, халықаралық көлік дәліздерінің байланыстырушы буындарын ашу және облысымыздың транзиттік-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін кешенді жоспарға 137,8 млрд теңгеге 9 іс-шара енгізілген.

Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семей қаласындағы аспалы көпірді қайта жаңарту, 2 мың шақырымға жуық автожолдарды жөндеу. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайыздан 98 пайызға дейін артады,- деді Ұранхаев. 

Өзгелердің жаңалығы