Семейде тағы орман өртеніп жатыр

8 Маусым 2023, 15:22
1540
Бөлісу:
Семейде тағы орман өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштар жанған.

Қазірг өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күшін салып жатыр, - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан "Семей орманы" МОТР аумағында орман өртенді. Облыстағы өрт шамамен 3500 гектар жерді шарпыды. Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізіп, елді мекендерге төнген қауіп жойылғанын мәлім етті. Бұдан бөлек өртті сөндіруге елордалық құтқарушылар көмекке аттанды. Сондай-ақ Абай облысындағы өртке байланысты Бородулиха орталығында 3 эвакуациялық пункт ашылғаны белгілі болды. Кейіннен Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы