Абай облысындағы өрт. 277 адам эвакуацияланды

24 Мамыр 2023, 09:48
819
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт. 277 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.

Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ "Қазависпас" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.

Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді. Өрт орнына вице-министр генерал-майор  Марат Күлдіков барды. Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық. "Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы