Семейде суға батқан адамның денесі іздестіріліп жатыр

27 Маусым 2019, 10:35
1734
Бөлісу:
Семейде суға батқан адамның денесі іздестіріліп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Семейде соңғы бес күнде екі адам суға батып кеткен. Бірінің денесі 21 масымнына бері әлі іздестірілуде. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

«21 маусым күні бізге «Восточный» саяжай ауданы маңында ішімдік қабылдаған 48 жастағы ер адамның суға түсікені туралы ақпарат келіп түсті», - дейді Семей қаласы ТЖБ. 

Суға батып кеткен адамның денесі әлі табылмаған. 25 маусым күні 112 қызметіне тағы бір қайғылы оқиғаның куәгері телефон шалып, қаладағы суқоймасының Затон бөлігінде адамның суға батып бара жатқанын айтқан.

«Сағат 8.00-де оқиға орнына Семей қаласының құтқарушылары аттанған. Сағат 13:00-де құтқарушылар суға батқан адамның денесін тапқан. Ол ауылдан келген 40 жастағы ер адам болып шықты», - дейді ТЖБ. 

Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, мамыр-маусым айында бұл өңірде үш адам суға кетіп мерт болған. 31 мамыр күні 2004 жылғы жасөспірім суға кетіп көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы