Семейде судың не себепті өшірілгені белгілі болды

22 Мамыр 2024, 10:35
199
Бөлісу:
Семейде судың не себепті өшірілгені белгілі болды
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімдігі «Смычка» су қабылдағышы орнындағы апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір «Смычка» су қабылдағышы орнындағы авариялық жағдайды жою жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ақау орнын анықтады, қазіргі уақытта дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.

Семейде судың не себепті өшірілгені белгілі болды

Қалпына келтіру жұмыстары ақау орнына қол жеткізудің қиындығымен және диаметрі 600 мм магистральдық құбырда судың үлкен көлемінің болуымен қиындады. Өз кезегінде бұл авариялық жағдайды жою уақытының ұзаруына әкелді. Оқиға орнында «Семей Су Арнасы» МКК 20 адам және 15 техника жұмыс істейді. Жақын арада судың берілуі қайта қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.

Семейде судың не себепті өшірілгені белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы