Семейде сауда дүкендерінің бірінде қантқа талас болды

3 Шілде 2022, 14:27
1578
Бөлісу:
Семейде сауда дүкендерінің бірінде қантқа талас болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде супермаркеттердің бірінде қантқа талас болды. Жергілікті тұрғын редакцияға жіберген видеода дүкендерде тапшы болған тауарды әркім өзіне алып қалуға тырысады.

Бұл туралы Arnapress.kz хабарлады.

Кадрлардан сауда залында үлкен кезек пайда болғанын көруге болады. Мұндай дүрлікпе қант тапшылығымен ғана емес, сонымен қатар оның бағасымен түсіндіріледі. Себебі келісі мың теңгеге дейін шарықтаған қант онда 495 теңгеден тұрады. 

Видео авторы қант бір қолға үш келіден берілгенін, сондықтан адамдар отбасымен келгенін айтады.

Кешіріңіз, бірақ шыны керек айтпасқа болмайды! Қалада қант мәселесі қашан шешілетінін білуге бола ма? Неліктен қант бір жерде 800-1000 теңгеден, ал 500 теңге тұратын жерде үлкен кезек? 1 шілдеде "Смоллға" бардық, сағат үште кезекте тұрдық, адам көп, - деп жазады Семей тұрғыны Әлия Мұхтарқызы.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұратып жатқанын мәлімдеген болатын.

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы