ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "Семей орманы" МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жоюға қатысты қосымша ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта өртті жоюға барлығы 175 адам, 48 техника және "Казавиаорманкорғау" ұжымынан 2 тікұшақ жұмылдырылды, оның ішінде Абай облысы ТЖД-дан 85 адам және 19 техника, орман шаруашылығынан 72 адам және 25 техника, Абай облысы Полиция департаментінен 15 адам және 3 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам және 1 техника, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатқаны хабарланды. Өрт шамамен 0,3 га аумаққа тараған.