Семейде орман өрті орын алды

24 Қазан 2022, 09:41
1243
Бөлісу:
Семейде орман өрті орын алды

Абай облысында Семей қаласына қарасты Озерки ауыл округінде дала өрті тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

22 қазан күні сағат 20:00-де "Семей Орманы" кезекші диспетчерінен "101" пультіне Озерки ауылдық округінде құрғақ шөп, бұталар жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатқан.

Өрт 23 қазан таңғы сағат 05:20-да оқшауланды. Каштак орманшылығынан 23 адам, оның ішінде 5 бала Каштак ауылына эвакуацияланды, – делінген хабарламада.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 техника, "Семей орманы" резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ бір полицей мен автокөлік жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрттің ауданы 35 гектарды құрады, оның ішінде шамамен 5 гектары — орман.

Өзгелердің жаңалығы