Семейде оңалту орталығы салынып жатыр

28 Желтоқсан 2022, 13:22
1271
Бөлісу:
Семейде оңалту орталығы салынып жатыр

Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кешенді іске асыру, облыс халқының әртүрлі топтары мен санаттарына сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мүгедектіге бар адамдарға қамқорлық, миграциялық саясат туралы Абай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова баспасөз-конференциясында баяндады.

2022 жылдың басынан бастап 6056 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, оның ішінде 2158 отбасы көпбалалы.

Жылдың басынан бастап АӘК алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7898 баларына кепілді әлеуметтік топтама берілді (азық- түлік және тұрмыстық химия топтамасы).

Облыс бойынша көпбалалы отбасылардың саны - 19 893 адам (оның ішінде Алтын алқамен және Күміс алқамен марапатталғандар – 7577, 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар – 12322).

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы іске қосылды, онда «отбасының портреті» деп аталатын 9 жәрдемақы мен әлеуметтік төлем бойынша отбасымен оның мүшелері туралы деректер жинақталған. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, мемлекеттік қызмет алуға келісім беру үшін жәрдемақы алушыға СМС хабарлама жіберіледі.

Бүгінгі күнде пилоттық режимде 1179 СМС хабарлама жіберіліп, 732 әлеуметтік, зейнеткерлік және атаулы жәрдемақы төлемдері тағайындалды.
2025 жылға қарай әлеуметтік саланың, денсаулық сақтау және білім салаларының мемлекеттік кепілдендірілген барлық түрлері Цифрлық картамен қамтылатын болады.

Облыстардың бөлінуіне байланысты Абай облысына 841 төсек-орындық 5 облыстық медициналық – әлеуметтік мекеме берілді, оның екеуі 161 орындық балалар мекемесі.

Бұдан басқа, қалалар мен аудандарда 13 аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 5,0 мың адамды қамтитын 34 бөлімше бар.

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік шеңберінде Семей қаласының «KARAGAILY» шипажайы АӘММ базасында жыл сайын 1955 ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар шипажайлық – курорттық ем алатын болады. Шипажайға 2022 жылдың 18 шілдесінен бастап ем алушыларды қабылдау ұйымдастырылды, бүгінгі күні 652 адам ем алды.

2023 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың тұруына тікелей жақын жерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру басталады.

2022 жылдың 25 желтоқсандағы жағдай бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес мұқтаж азаматтардың жалпы санынан 93,3%-ы қамтамасыз етілді, 2021 жылмен салыстырғанда 10% артық.

2023 жылдан бастап мүгедек балаларға арналған қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарын(бұдан әрі-ОТҚ) беру жөніндегі орталық-"ОТҚ паркін"құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастау керек. ОТҚ сатып алу «Қазақстан халқына» Қорының көмегімен жүзеге асырылады.

Халықтың жүріп – тұруы шектеулі топтарына кедергісіз орта құру үшін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жоспар бекітілген. 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20% - дан 575 объектіні қайта жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі таңда 255 объект немесе 44,3% бейімделген. 2023 жылға 102 нысанды бейімдеу жоспарланған.

Сондай-ақ, облыста 1540 мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін «Инватакси» қызметінің 16 автокөлігі жұмыс істейді (Семей қ.-12, Аягөз қ. -3, Жарма-1).
Келесі жылы "Samruk-Kazуna Trust" корпоративтік қорының қаражаты есебінен ГАЗ A31R33 маркалы 3 автомобиль жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы