Семейде «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі ашылды

25 Тамыз 2021, 15:41
10844
Бөлісу:
Семейде «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында ядролық полигон жабылуының 30 жылдығына орай «Негізгі шешімдер уақыты» көрмесі ашылды.

Көрмені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат құттықтау сөзінде полигонның жабылу мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін белгіледі.

 

Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. Тарихи оқиғаның қазақстандықтар үшін орны ерекше. Алашорданың астанасы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды абыройлы азаматтардың қасиетті өлкесі атанған Семей жері ХХ ғасырда жан түршігерлік сынаққа ұшырап, КСРО-ның негізгі ядролық полигонына айналды. 40 жылдың ішінде Семей даласында 456 ядролық жарылыс жүргізілді. Полигонның жерімізге, халқымызға тигізген зияны орасан зор. 1991 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен полигоны жабылды. Тарихи сәт семейліктер мен жалпы қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды оқиғаға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қаруға қарсы бастамаларды ілгерілету және халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша Елбасының саясатын жалғастыруда, - деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
Семейде «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі ашылды

Ол Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының директоры Гүлнар Жігітбаеваға Елбасы кітапханасы қорының басылымдарын тарту етті.

Экспозиция Қазақстан тарихынан сыр шертетін Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдар, жәдігерлермен мен кітаптар кешенін көпшілік назарына ұсынады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі үшін берілген халықаралық марапаттары көрмеде ерекше орын алады.

Адамзатты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған Қазақстанның саясатын халықаралық қоғамдастық мойындады. Нәтижесінде бұл саладағы еліміздің жаһандық көшбасшылығын нығая түсті. БҰҰ мінберінен, халықаралық форумдардан, сондай-ақ ядролық державалар басшыларымен жеке кездесулерден осы ұстанымдарды түбегейлі және дәйекті түрде қорғаған еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі ерекше,- деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов.
Семейде «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі ашылды

Қазақстаннан үлгі алып Семейден кейін Невада, Новая Земля, Лобнор, Муруроа қалаларындағы полигондар жабылды. Сондықтан БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрес күні деп жариялады. Осылайша еліміздің бастамалары мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ядролық қарусыз әлемді құру мен нығайтудағы бастамалары кең етек жая бастады.

Қазіргі геосаяси тұрақсыздықта, елдер қару-жарақпен санасып, ядролық қарумен жарысып жатқан тұста Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу идеясының авторы әрі жаһандық бітімгер ретінде рөлі ерекше маңызды. Осы орайда Вашингтонда 2016 жылғы 31 наурызда Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» атты Қазақстанның Ұлттық баяндамасы өзекті. Құжат Бас ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.


Өзгелердің жаңалығы