Семейде "Көктем аруы 2024" байқауының жеңімпазы анықталды

6 Наурыз 2024, 19:51
578
Бөлісу:
Семейде "Көктем аруы 2024" байқауының жеңімпазы анықталды
VIDEO
Фото: pixabay.com/ru

Семейде "Көктем аруы-2024" сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әр салада қызмет жасап жүрген нәзік жанды арулардың арасында "Көктем аруы-2024" сұлулық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға медицина, қарулы күштер, білім және өнер саласы сынды қызметте еңбек етіп, үй шаруасымен қатар халыққа қызмет жасап, еңбегімен еленіп жүрген 10 ару бақ сынасты. Байқау Қазақи нақышта ұлттық киім үлгісімен дефиле көрсетіп, өзін-өзі таныстыру айдарымен басталды. Киім үлгісін көрсету, ән айту, би билеу, поэзия оқу сынды өз өнерлерін ортаға салып, байқау соңында отбасылық өмірде қолдау көрсетіп жүрген ер азаматтарымен кешкі образда жұп болып сән үлгісін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде "Көктем аруы 2024" атағы "Шаңырақ" балабақшасының музыкалық жетекшісі, 3 баланың анасы Жұмағалиева Сәуле Маратқызы, "1 мисс Көктем аруы" атағы "Ақ Ұлпа" аналар қоғамының жетекшісі, 7 баланың анасы Сүлейменова Анар Әбетаевна, "2 мисс Көктем аруы" атағын Семей қаласының теміржол емханасының медбикесі Айдынбек Гүлім Айдынбекқызы, "3 мисс Көктем аруы" атағын N4 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбетова Жұлдыз Айдарқызы иеленді.

Өзгелердің жаңалығы