Семейде індет жұқтырғандар бір отбасының мүшелері

3 Мамыр 2020, 21:05
1661
Бөлісу:
Семейде індет жұқтырғандар бір отбасының мүшелері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде COVID-19-дың тағы 3 фактісі расталды. Олардың екеуі 2003, 2012 жылғы балалар және осы ұлдардың анасы - 1982 жылғы әйел, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

2-мамыр күні отбасы мүшелері дене қызуы көтеріліп, денсаулық жағдайы нашарлаған соң учаскелік дәрігерді үйіне шақырады. Алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексеру жүргізілді. 3 мамырда шыққан талдау нәтижесі оң қорытынды көрсетті.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған. 

Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Айта кету керек, осы сәтке облыс бойынша 28 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген.


Өзгелердің жаңалығы