Семейде «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды

9 Тамыз 2022, 03:33
1460
Бөлісу:
Семейде «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды

Клубтың қайта құрылуына байланысты өткен шараға аты аңызға айналған футболшылар Самат Смақов пен Андрей Карпович, «Елім-ай» қоғамдық қорының атқарушы директоры Төлеухан Күлдіков пен футбол жанкүйерлері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Семей  қазақстандық футболдың отаны. Біздің «Елімайды» әрине қолдаймыз. Футбол клубы - үш дүркін чемпион атанған және бұл команданы бәрі жақсы көреді. Осы стадионның жанкүйерлерді үнемі көп жинағанын қалаймын. Біздің жоспарымызда стадионды жөндеу де бар. Бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы алаңдар құратын боламыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

«Елім-ай» қоғамдық қорына кез келген жанкүйер кіре алады. Бұл тұрғындардың жергілікті футбол командасын құру мен дамытуға белсене қатыса алады деген сөз. 

Семейде «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды

Сонымен қатар шара барысында ашық микрофон режимінде Абай өңірінде футболды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы