Семейде діни мейрамда көпшілік шомылу орындары белгіленді

12 Қаңтар 2019, 17:57
2161
Бөлісу:
Семейде діни мейрамда көпшілік шомылу орындары белгіленді

Астана, baq.kz. Ағымдағы жылдың 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түнде православие әлемі христиан шіркеуінің көне мейрамдарының бірі – Крещение Господне атап өтеді. Бұл туралы radio7.kz сайты хабарлады.

Бұл күні дінге сенушілер тазартылған бұлақтарға түседі.

Ескі сенім бойынша, бұл күні барлық су қасиетті болып, барлық сырқаттар мен күнәларды шаяды.

Семейде шомылуға ниет танытқандарға «Затон» және «Святой ключ» аудандары белгіленді.

Құтқарушылар алдағы діни мереке православиелік христиандардың – Крещение мейрамына қызу дайындалуда. Діни мейрам кезінде қаламыздың құтқарушылары көпшілік шомылу орындарында кезекшілік ұйымдастырмақ.

Өзгелердің жаңалығы