Семейде биыл 100 аялдама павильоны жаңартылады

23 Сәуір 2024, 20:34
264
Бөлісу:
Семейде биыл 100 аялдама павильоны жаңартылады
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда Семей қаласында 593 аялдама бар. Оның ішінде 470-і әртүрлі типтегі аялдама павильондарымен жабдықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиналыста жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Увасилов, аялдама павилондарын жаңарту бойынша баяндама жасады. 

2024 жылы 100 аялдама кешенін орнату жоспарлануда, оның ішінде 70 ашық және желден қорғалған 30 жабық павильон. Шарт шеңберінде ескі павильондарды жөндеу және қажет болған жағдайда оларды қайта орнату, сондай-ақ аялдамаларды бояу мен жууды міндетті түрде жүргізу көзделген. 

Аялдама павильондары ҚР БК талаптарына сәйкес дайындалады 3.01-101-213 (қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу). 

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов аялдамаларды мамыр айынан бастап кешіктірмей орнатуды тапсырды. 

Сондай-ақ үнемдеуден қалған қаржыға қаланың шеткері аймақтарына аялдама бекеттері жоқ жерлерге қосымша аялдамаларды орнатуға тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы