Семейде «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табады

2 Тамыз 2019, 17:48
2275
Бөлісу:
Семейде «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы сенбіде жалғасын таппақ. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Жалпыреспубликалық шараға айналған сенбілік 3 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланып отыр. Тазалық жұмыстары «Бейбітшілік» аралы мен Ертістің сол жақ жағалауында жүргізілмек.

Сенбілікке кез келген қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, 52-69-44, 52-26-84 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.

Өзгелердің жаңалығы