Семейде автобус модульдік полиция бекетіне соқтығысты

10 Тамыз 2023, 02:24
918
Бөлісу:
Семейде автобус модульдік полиция бекетіне соқтығысты
Фото: polisia.kz

Оқиға 7 тамыз күндіз болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ мәліметінше, 58 жастағы Dong Fang маршруттық автобусын басқарып отырған жүргізуші Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай, жол белгісіне, одан кейін модульдік полиция бекетіне соқтығысты.

Осы кезде екі полиция қызметкері пунктте қызмет атқарып отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы