Семейде Абай рухына тағзым жасалды

5 Мамыр 2022, 04:24
1401
Бөлісу:
Семейде Абай рухына тағзым жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Бөкейхан университетінің жастары Абай облысын құру туралы жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ілтипатын білдіру үшін оқу ордасының өкілдері қаладағы Абай ескерткішіне гүл қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті. 

Шараға оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар, қалалық әкімшілік өкілдері мен ардагерлер қатысты. 

Игі шара соңында қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, қара сөзге кезек берді.

Өзгелердің жаңалығы