Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды

27 Тамыз 2019, 20:37
3254
Бөлісу:
Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды, деп хабарлады Алтайньюс. 

Дәстүрге айналған байқау - Абай, Шәкәрім шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жылдар бойы ұйымдастырылып келеді. Үрдіс биыл да өз жалғасты. Семей жерінде өз облыстарында үздік атанған жүзге жуық үміткер өз бақтарын сынамақ.
Көркемсөз оқу шеберлері алты номинация бойынша байқауға түседі.

"Бүгін міне Шығысқа да келіп жеттік. Семей бізге өте ұнады. Әдемі қала екен. Ұлы жазушылар мен ақындардың мекеніне келген соң, әр тарихи орынды өз көзімізбен көргіміз келеді. Абай атамыздың шығармаларын бала күнімнен оқып келемін, сол үшін байқауға қатысу мен үшін үлкен мәртебе", – дейді Ақтөбе қаласынан келген үміткер Дариға Нысанкүл.

Республикалық «Абай оқулары» ақын ескерткішіне гүл-шоқтарын қою рәсімінен басталды. 
Өзгелердің жаңалығы