Семей тұрғыны 85 шақырым жерді жүгіріп өтпек

24 Қыркүйек 2022, 13:19
1218
Бөлісу:
Семей тұрғыны 85 шақырым жерді жүгіріп өтпек

Семей қаласының тұрғыны Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 85 шақырымдық ультрамарафон жүгіріп өтпек, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол облыс орталығынан бастап заңғар жазушының туған жері Бөрілі елді мекеніне дейін барады. 53 жастағы марафоншы қаламгер атындағы алаңнан аттанып кетті. Ол бұған дейін де осы қашықтықты бағындырған болатын. Желаяққа қолдау көрсетуге келген 30 шақты студент қаладан шыға беріске дейін бірге жүгірді. 

24.kz-тің мәліметінше, әдебиет пен спорт жанашыры осы іс-шара арқасында жазушының мерейтойына көңіл аудартып, саламатты өмір салтын насихаттауды көздейді. 

85 километр 8,5 сағат болады деп жоспарлап отырмыз. Негіз бар, сенім бар, осы кезге дейінгі дайындығым бар. Мұны Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын дәріптеу барысындағы спорттық амалдармен бұқаралық спортты қатар дамытудың шарасы деп түсіну керек, – деді ультрамарафон қатысушысы Рамазан Салықжанов.

Өзгелердің жаңалығы