Президент Әкімшілігінің және Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың келісімімен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың өкімімен Базарбаев Руслан Ерланұлы Семей қаласы әкімнің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Базарбаев Руслан Ерланұлы 1989 жылы 1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары "Астана - жаңа қала"арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
"Қазтехнология" АҚ бас менеджері. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді.