Семей полигоны аймағында тұрғандарға ақшалай өтемақы беріледі

31 Қаңтар 2024, 17:58
925
Бөлісу:
Семей полигоны аймағында тұрғандарға ақшалай өтемақы беріледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, осы қызметті бұрын алмағандар үшін «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Өтініштер үш түрлі жолмен қабылданады: 1) көрсетілетін қызметті берушілер; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкімет» порталы.

Бұрын берілген куәлікпен қатар радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттардың тізімі келесідей:

1) мұрағаттық анықтамалар, халық депутаттарының ауылдық, кенттік кеңестерінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары;
2) еңбек кітапшасы;
3) оқу орнын бітіргені туралы диплом;
4) әскери билет;
5) туу туралы кәулік, орта білімі туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.

Толығырақ кеңес алу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, каб. 107 және 109 мекенжайына жүгіну қажет. ️Мекеменің байланыс телефондары: «Алматы» ауданы 55-01-74, «Байқоңыр» ауданы 55-72-32, «Есіл» ауданы 55-74-50, «Сарыарқа» ауданы 55-14-87, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы