Семей орманындағы өртке қай министрлік кінәлі?

13 Маусым 2023, 12:14
1127
Бөлісу:
Семей орманындағы өртке қай министрлік кінәлі?
Фото: Ақорда

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Үкімет кулуарында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлілердің жауапкершілігі анықталатын болады, - деді вице-премьер.

Журналистер ТЖМ экс-басшысы Илья Ильиннің оқиға орнына неге бірден аттанбағанын айтып, шүйлікті.

Осы үшін ол қызметінен босатылды, - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ ол журналистің «Қазғарыштың» өрт болып жатыр деген деректері туралы білдіңіздер ме?» деген сұрағына жауап берді.

«Қазақстан ғарыш сапары» штаттық режимде жұмыс істеді. 8 маусым күні күндізгі уақытта бұл ақпарат (ред. – өрт туралы) Экология министрлігіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне де түсті. Басында өртті сөндіруге «Семей орманы» орман шаруашылығының күштері мен құралдары аттанғаны мәлім. Одан кейін тілсіз жауды өшіру мүмкін еместігі анықталғаннан соң, ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің күштері жұмылдырылды. Өрт жылдам таралды, - деді Скляр.

Өзгелердің жаңалығы