"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті

24 Сәуір 2024, 10:09
222
Бөлісу:
"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті
PHOTO VIDEO
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысында «Семей орманы – жасыл аймақ» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы Бородулиха ауданында басталды. Ауданның «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті.

"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар, студенттік ұйымдар, еңбек ұйымдары, Семей қаласы мен Бородулиха ауданының мекемелерінен 1 000-ға жуық адам қатысты.

"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті

Бүгін тұтас ел көлемінде кең қолдауға ие болған «Таза Қазақстан» - экологиялық акциясы шеңберінде, облысымызда ерекше маңызы бар шара өтуде. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асқан бұл акцияның арқасында Отанымыздың әр облысы, қаласы мен ауылы абаттанып, көшеттер отырғызылып, өңіріміз жаңа кейіпке еніп келеді. Бұл «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген игі дәстүрдің жалғасы, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті

Бұл науқанның негізгі мақсаты – көшет отырғызу арқылы экологиямызды жақсартып, қарағайлы орманымызды жедел қалпына келтіру.

Акция барысында Воскресеновка ауылының маңындағы орман алқабындағы 5 га аумақта 23 мыңға жуық қарағай көшеті отырғызылды. Жалпы «Семей орманы» резерватында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері 50 мыңнан жуық көшет егілген.

"Семей орманы – жасыл аймақ" ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті

Айта кетейік, Бородулиха ауданының аумағы 698 992 га жерді алып жатыр, оның ішінде орманды алқап – 87 773 га болса, су айдындары – 14 301 га. Биыл аудан көлемінде 7 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Ағаш отырғызу акциялары тұрақты түрде өткізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы