Семей көшелеріне 6 мыңнан астам шам орнатылды

23 Желтоқсан 2021, 19:15
1166
Бөлісу:
Семей көшелеріне 6 мыңнан астам шам орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында көше жарығын жаңарту жобасы жүзеге асуда, деп хабарлады Алтайньюс.

Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкімен ынтымақтастық аясында қаланың 130 көшесінде 6,7 мың заманауи, энергия үнемдейтін, тиімді шам орнатылды.

Осы жылдың соңына дейін қаланың 56 көшесінде қосымша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Келесі жылы 2014 шам орнатумен 49 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары ұзындығы 212,5 км болатын тағы 203 көше жарықтандырылады, – деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Өзгелердің жаңалығы