Семей қаласының аумағы кеңеймек

20 Сәуір 2021, 02:17
1578
Бөлісу:
Семей қаласының аумағы кеңеймек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп «Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен кеңейтіледі:

Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы, жалпы алаңы 22 853,1 га;

Абыралы ауылдық округінің Абыралы ауылы, жалпы алаңы 13 511,5 га;

Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылы, жалпы алаңы 23 017,27 га.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ құжат бекітілгеннен кейін жер-есепке алу құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізеді.


Өзгелердің жаңалығы