«Себебін түсіндірмейді». Смайылов авиакомпанияларды сынға алды

30 Мамыр 2023, 11:59
802
Бөлісу:
«Себебін түсіндірмейді». Смайылов авиакомпанияларды сынға алды
Фото: primeminister.kz

Авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Премьер-министр Үкімет отырысында Әлихан Смайылов әуе компаниялардың жауапсыздығы туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағымдар көп. Айталық, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында «Fly Arystan» компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. Сондай-ақ, 25-ші ақпанда дәл осы авиакомпанияның жолаушылары «Астана-Шымкент» рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды. Өкінішке қарай, авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер компания рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді сонымен бірге лайықты сервис ұсынылмайтынын айтады.

Баға саясатында да көптеген сұрақ туындайды. Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда, ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан, баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек. Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы