Ақмола облысының Щучинск қаласында түнде жеке үй өртеніп, салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына келген ТЖД күштері мен құралдары өртті сөндірді. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер үйден ер адам мен әйелдің денесін шығарды.
Өрттің себебін тергеу анықтайтын болады.
Бурабай ауданының Щучинск қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Жану алаңы 90 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген ТЖД күштері мен құралдары өртті сөндірді. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер үйден 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесін шығарды, - деп жауап берді Ақмола облысының ТЖД BAQ.KZ сауалына.
Өртті сөндіруге 16 жеке құрам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала шығу себебі анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Семейде автожуу аумағында газгольдер жарылып, жүк көлігі мен екі үй өртенді.