Көкшетауда әйел адамды көлік қағып, қайтыс болды

Қайғылы жол апаты 9 мамыр күні болған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:48
Бүгiн 2026, 11:48
217
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі тұрғын үй ауласына кіріп келе жатып, әйел адамды қағып кеткен. Қайғылы сәт бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан көліктің автотұраққа бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткені көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 
Наверх