Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

24 Маусым 2022, 13:26
1664
Бөлісу:
Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің 187 түлегі аттестаттаудан өтіп, кәсіби жарамдылығын дәлелдеді. Олардың арасында 13 түлек үздік диплом иеленбек.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

Аттестаттау барысында кадеттер дене дайындығы тұрғысынан жеткен жетістіктерін паш етті. Сондай-ақ олар әскери топографияны, тактикалық және атыс даярлығын қамтитын кешенді емтихандар тапсырып, БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағы мен әртүрлі қару түрлерінен ату дағдыларын көрсетті.

Аттестаттау комиссиясы түлектерді даярлаудағы ортақ іске бар күшін салған командирлердің, сержанттардың, оқытушылардың, тәлімгерлер мен тәрбиешілердің екі жылдық қызметін қорытындылады десе болады. Бұл кадеттердің кәсіби қалыптасуының алғашқы кезеңі. Олар колледжде алған білімдері мен дағдыларын қызмет барысында табысты жүзеге асыратынына сенімдімін, –  деді әскери орнының бастығы полковник Ербол Нұржанов. 

Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

Биыл әскери колледжді 24-ші түлектер бітіріп отыр. Жас сержанттардың оқу бітіру салтанатына арналған рәсім 25 маусымда өтпек. Сол күні оларды Қарулы күштердің ардагерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, командирлер мен оқытушылар, туыстары мен достары құттықтайтын болады.

Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

Бұл біздің өміріміздегі өте маңызды сәт. Әрине, толқу да бар. Бұл жерде бізге көп нәрсе үйретті. Алдағы уақытта қызметімізге адал болуға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді кадет Әлішер Әбілғалы.

Щучинск қаласындағы әскери колледжде қорытынды аттестаттау аяқталды

Әскери колледжді бітірген түлектер еліміздің түрлі гарнизондарында кіші командалық құрам лауазымдарында әскери қызметтерін бастайды. 

Өзгелердің жаңалығы