Щучинск қаласында жас патриоттардың бірінші Спартакиадасы басталды

12 Наурыз 2022, 12:30
1676
Бөлісу:
Щучинск қаласында жас патриоттардың бірінші Спартакиадасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған жарысқа  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері, жалпы саны 80-ге жуық жасөспірім қатысып жатыр.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жарыстар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж және Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында өтіп жатыр. 

Төрт күн бойы жасөспірімдер пневматикалық мылтықтан оқ атудан, белтемірге тартылудан, шаңғы жарысы және әскерилендірілген эстафетадан жарысып, бақтарын сынайды. 

Жарыс қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталады.

Өзгелердің жаңалығы