Сбермен келісу қауіпті, ол саяси ықпалмен шешім қабылдайды – Байменов

19 Қазан 2021, 14:30
1403
Бөлісу:
Сбермен келісу қауіпті, ол саяси ықпалмен шешім қабылдайды – Байменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «Желмая» жобасында айтты.

Қазақстанның электронды үкіметі 29-орында, ал Ресейдікі 34-орында тұр. Әлихан Байменов Сбермен цифрлық ынтымақтастыққа қатысты пікір білдірді. 

Бұл мәселеге қатысты бірнеше сұрақ бар. Біріншіден, біз неге Ресейде соның енгізілгенін күтпейміз? Ол жүйе әлі Ресейде енгізілген жоқ. Екіншіден, егер біз қауіпсіздік, тиімділік жағынан салыстырып, жақсысын алғымыз келсе, неге Эстония, Корея, Финляндия, Ресейді шақырып, ашық жиналыс жасап, жақсысын таңдамаймыз. Шетелде google, Amazon-да қазақ балалары жұмыс істеп жүр. Неге солармен онлайн жиналыс өткізбейміз? Бұл жариялық, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда түсініксіз шешім, - деді Байменов. 

Ол атағандай, мысалы, Эстония - әлемдегі ең жетекші елдердің бірі. 

Оларда бізде сияқты мұнайы, қазба байлықтары жоқ. Олардың 500 млн доллар төлейтін қаржысы жоқ. Сөйте тұра, олар қауіпсіз, халық сенетін жүйе жасады. Соның нәтижесінде Эстония алғашқы болып сайлауда дауыс беретін жүйе енгізді, - деді ол. 

Әлихан Байменов атағандай, Сбер мемлекеттің қатысы бар, жеке меншік емес.

Ол - саяси ықпалмен шешім қабылдайтын мекеме. Сбер бойынша шешім Президент Тоқаевтың «еститін мемлекет» деген тұжырымдамасына қарсы келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы