Сайрамдық 17 отбасы баспаналы болды

19 Қазан 2020, 10:06
1682
Бөлісу:
Сайрамдық 17 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 1984 жылы салынған коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын.

Нысан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешуге сеп болды. Ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метрді, ал тұрғын үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрайды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған қаржыға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84 млн теңге қаражат жұмсалған. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Астана - Көктем С» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (отбасы) қамтамасыз етілді.  Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков солардың ішінен 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Өзгелердің жаңалығы