Сайлаушылардың 72,9% дауыс берді - ОСК

9 Маусым 2019, 18:20
1543
Бөлісу:
Сайлаушылардың 72,9% дауыс берді - ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.  Орталық сайлау комиссиясы сағат 18.00-ге дейін келген мәліметтерді жариялады. 

"2019 жылдың 9 маусымы сағат 18.00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  72,9% дауыс берді. Сайлаушылар белсенді қатысып жатыр. Олардың ішінде Ақмола облысы 81,0%, Ақтөбе облысы бойынша 84,1%, Алматы облысы 86,3%, Атырау облысы бойынша 71,1%, ШҚО бойынша 77,2%, Жамбыл облысы 77,8%, Қостанай облысы бойынша 81,1%, БҚО 66,2%,    Маңғыстау облысы бойынша 65,7%, Қызылорда облысы 69,1%,  Қарағанды 72,8%, Түркістан облысы 78,8%, СҚО 75,7%%, Павлодар 73,1%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63,7%, Алматы қаласы 49,2%,  Шымкент қаласы бойынша 63,6% дауыс берді. Дауыс беру заң аясында өтіп жатыр", - деді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов.

Өзгелердің жаңалығы