Сайлауға ТМД елдерінен 100-ден аса бақылаушы келеді

27 Қазан 2022, 14:00
2383
Бөлісу:
Сайлауға ТМД елдерінен 100-ден аса бақылаушы келеді
Фото: автордан

Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол 27 қазаннан бастап ТМД байқаушылары сайлау науқанын бақылауға кіріскенін айтты.

Бүгін біз сайлау науқанын бақылаушылар үшін штаб ашып отырмыз. Миссияны ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев басқарады. Құрамына барлық Достастық елдің 100-ден астам өкілі кіреді. Оның 10-ы 27 қазаннан 21 қарашаға дейін ұзақ мерзімді бақылау жүргізеде,-деді.

Сөзінше қалған бақылаушылар сайлау күні келіп қысқа мерзімді бақылау жүргізбек. Орталық сайлау комиссиясы бүгінде 23 бақылаушыны аккредитациялады.

Сондай-ақ, ол халықаралық бақылаушылар ел заңдары мен барлық халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайтынын баса айтты.  Штаб сайлау заңнамасына құқықтық баға берумен айналысатын болады.

Біз барлық облысты қамтуға тырысамыз.  Бақылаушылар барлық сайлау учаскесін аралап, сайлау комиссияларының қызметкерлерімен кездесетін болады, - деді ол.

Сонымен қатар төрағаның сөзінше аталған миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.

Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығының миссиясы 21 қарашада қорытындыланады.

Өзгелердің жаңалығы