Сайлауға қызығушылық танытып жатқан елордалықтар көп – маман пікірі

4 Қараша 2022, 12:12
903
Бөлісу:
Сайлауға қызығушылық танытып жатқан елордалықтар көп – маман пікірі

 Бұл туралы  Астана қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Ғазизқызы  «Желмая» жобасының аясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

20 қараша күні елімізде ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бүгінде әрбір сайлау орталығы қызу дайындықты бастап кетті. Астана қаласының сайлау орталықтары да сақадай сай дейді Бақыт Ғазизқызы.

Еліміздің бас қаласы болған соң сайлауға аса ықтияттылықпен дайындалып жатырмыз. Қазіргі таңда тізім жасақталынып барлық сайлау учаскесіне таратылды. Кез келген тұрғын сайттан немесе 109 нөмірі арқылы өзінің сайлау учаскесін анықтай алады, - дейді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша халық арасында сайлау мәдениетін қалыптастырып, сайлаушылардың сайлауға сенімін арттыру керек дейді.

Халық арасында менің дауысым ештеңе шешпейді деп ұғынатын адамдар әлі де бар. Одан арылу керек. Себебі, ол таңдау елдің келешегін шешеді,- дейді маман.

Дегенмен, Астана тұрғындарының бұл сайлауға белсенділігі жоғары екенін айтады.

20 қарашада өтетен кезектен тыс сайлау туралы 109 нөміріне хабарласып жатқан елордалықтардың саны көп. Сондай-ақ мені сайлауға жастардың көп қызығушылық танытып отырғаны қуантады, - дейді Бақыт Ғазизқызы. 

Өзгелердің жаңалығы