Сайлауға құқығы бар азаматтардың 14,21 пайызы дауыс беруге келді

19 Наурыз 2023, 10:48
599
Бөлісу:
Сайлауға құқығы бар азаматтардың 14,21 пайызы дауыс беруге келді
Фото: автордан

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады, - деп атап өтті ОСК мүшесі. 

Сайлауға құқығы бар азаматтардың 14,21 пайызы дауыс беруге келді

Сағат  10.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алғаны белгілі болды. 

Абай облысы бойынша – 15,13%;

Ақмола облысы – 15,61%;

Ақтөбе облысы – 12,44%;

Алматы облысы – 15,32%;

Атырау облысы – 12,94%;

Батыс Қазақстан облысы – 12,96%;

Жамбыл облысы – 16,54%;

Жетісу облысы – 15,93%; 

Қарағанды облысы – 16,31%; 

Қостанай облысы – 16,23%;

Қызылорда облысы – 12,64%;

Маңғыстау облысы – 12,36%;

Павлодар облысы – 16,49%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 15,93%; 

Түркістан облысы – 15,92%; 

Ұлытау облысы – 16,38%;

Шығыс Қазақстан облысы – 16,11%; 

Астана қаласы – 13,58%;

Алматы қаласы – 8,51%;

Шымкент қаласы – 12,57%. 

Жалпы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 1 710 381 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 14,21 пайызын құрады, - деді Шавхат Өтемісов.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын өңірлер бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы жаңарған ақпараттарды ұсынып, баспасөз мәслихатын өткізуде. 

Өзгелердің жаңалығы