Сайлауға кімдер қатысады

14 Қаңтар 2023, 11:08
1376
Бөлісу:
Сайлауға кімдер қатысады

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдан - 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан - 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.

Астана қаласынан Сенат депутаттығына түсетін кандидаттар:
- "Бейбітшілік пен келісім сарайы" нысанының басқарушысы Наримаш Мұхамбеталина;

- "Астана-Жылутранзит" АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Азбаев;

- Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Алматы қаласынан:

- Алматы сервис және технология мемлекеттік колледжінің директоры Жарқын Жаниязова;

- "Youthart" қоғамдық қорының директоры Кристина Бекмырзаева;

- Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева;

- "Алматы даму орталығы" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкент қаласынан:

- Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының директоры Бауыржан Алтеев,

- Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы Альбина Елшиева,

- Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Абай облысынан:

- "Шығыстүстімет" ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Кималидин Әпенов;

- "Эйкос" ЖШС даму жөніндегі директоры Анжела Маслова;

- Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысынан:

- Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова;

- Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы "Bolashaq saraiy" мекемесінің басшысы Айнагүл Балташева;

- Ақмола облыстық мәсихатының хатшысы Талғат Жүнісов.

Ақтөбе облысынан:

- Ақтөбе облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова;

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров;

- Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.

Алматы облысынан:

- Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев;

- Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас;

Атырау облысынан:

- "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты" РМҚК директоры Ғылман Сәрсемалиев;

- Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағит Шеркешбаева;

- Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әлібек Наутиев.

Батыс Қазақстан облысынан:

- Батыс Қазақстан облысы туристік қауымдастығының директоры Айболат Құрымбаев;

- Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры Ақылбек Сұлтанов;

- Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Жамбыл облысынан:

- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ аудандық білім бөлімі, "Тірек мектебі" мекемесінің директоры Сұлтан Өсербаев;

- Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Жетісу облысынан:

- Жетісу облысы әкімінің аппараты әдеп жөніндегі өкілі Ғабит Тұрсынбай;

- Сенат депутаты Амангелді Төлемісов.

Қарағанды облысынан:

- Қарағанды облыстық жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Мұрат Әбілов;

- "Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина;

- Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов.

Қостанай облысынан:

- №2 емхана бас директорының міндетін атқарушы Самат Шүменбаев;

- AMANAT партиясы Қостанай облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Құйшинова;

- Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қызылорда облысынан:

- Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов;

- "ҚазСушар" РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов;

- Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов.

Маңғыстау облысынан:

- "Идальго Ақтау" ЖШС-ның бас директоры Ирина Беляева;

- Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің басшысы Ғаббас Досатов;

- Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.

Павлодар облысынан:

- Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова;

- Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов.

Солтүстік Қазақстан облысынан:

- "ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы" СҚО филиалының директоры Лаура Қайыржанова;

- ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Түркістан облысынан:

- Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирамбек Ақмұратов;

- Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.

Ұлытау облысынан:

- Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Ахат Құрмансейітов;

- "Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС директоры;

- Сенат депутаты Советбек Медебаев.

Шығыс Қазақстан облысынан:

- Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш;

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов;

- "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ бас директоры Ержан Әшімов.

Өзгелердің жаңалығы