Сайлауға дайындық жақсы болды - ЕҚЫҰ өкілі

20 Наурыз 2023, 15:35
1907
Бөлісу:
Сайлауға дайындық жақсы болды - ЕҚЫҰ өкілі
Фото: автордан

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті Ирине Хараламбес Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға тізімнен алып тастау сынды кедергі болды. Сыни репортаждардың аздығын атап өткім келеді. Сайлауға дайындық жақсы. Әйелдер саны әлі де сайлау науқанында аз. Олардың үлесі - 29 пайыз. 20 пайызы - мажоритарлық жүйе бойынша кандидат болған. Келешекте олардың саны артады деп сенемін, - деп атап өтті халықаралық ұйымның Парламенттік ассамблеясының вице-президенті.

Айтуынша, әлі де болса шектеулер бар.

Олар әсіресе дестриктивті-нормативтік құқықтық базаға байланысты. Сонымен қатар сыни репортаждар, шолулар, саяси аналитикалық материалдар аз. Реформа деген бір күнде, тез жүзеге асыратын шаруа емес. Ол нақты күш-жігерді талап етеді. Биліктің де, азаматтық қоғамның да, сондай-ақ ЕҚЫҰ тарапынан да қолдауды қажет етеді. Әрбір адамның негізгі бостандығын қорғауға назар аудару керек, - деді Ирине Хараламбес.

Өзгелердің жаңалығы