Сайлауды кәсіби және сауатты бақылау – маңызды міндет

20 Қараша 2022, 13:11
1295
Бөлісу:
Сайлауды кәсіби және сауатты бақылау – маңызды міндет

 «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ерлан Закирьянов сайлау процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Көкшетаудағы №41 сайлау учаскесіне бекітілген бақылаушы сайлаушылар белсенділігінің жоғары екенін атап өтті.

Ел болашағын айқындайтын сәтте азаматтардың белсенділік танытып жатқаны қуантады. Учаскеде тіркелген 2892 сайлаушының ішінде 23 адамның мүгедектігі бар. Бүгін 17 адам алғаш рет дауыс берді. Учаске сайлау процесі үшін қажетті барлық атрибуттар – стационарлық және тасымалданатын урналар, стендтермен толық жабдықталған. Онда сайлаушылар учаскедегі мінез-құлық ережелері, сайлау процесін бұзғандар үшін жауапкершілікпен таныса алады, - дейді бақылаушы. 

Ол атап өткендей, залдағы бес кабинаның біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасақталған. Сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін құлаққаптар, тактильді тақтайшалар, шақыру түймелері және басқа да атрибуттармен жабдықталған арнайы орын бар. 

 Сайлауды кәсіби және сауатты бақылау – маңызды міндет. Бүгінгі таңда сайлау туралы заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілді, соның ішінде бақылаушыларға қызметі реттелуде. Заңгер ретінде мен оны дұрыс деп санаймын. Бақылаушылар өз бағаларын береді, ұсыныстар шығарады, балама пікірлерді тыңдайды. Көптеген қазақстандықтардың белсенді өмірлік ұстанымы бар екені байқалады және байқаушылар мәдениетінің жоғарылағаны қуантады. Бұл қоғамдағы демократияның дамуына ықпал ететіні және саяси мәдениет деңгейін көтеретіні сөзсіз, - дейді Ерлан Закирьянов.

Ол сайлау процесінде бақылаушылардың сайлауды бейтарап және сонымен бірге заңды түрде сауатты бақылауды қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Бүгінгі таңда көптеген бақылаушылар сайлау процесінің белсенді және өте маңызды қатысушылары екенін түсінетіні қуантады. Ақмола облысындағы қоғамдық бірлестігіміз сайлауға байланысты мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктермен дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға белсенді қатысты. Сайлауды тиімді партиялық емес бақылау және мониторинг әдістемесі мен технологияларын қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды, - дейді Ерлан Закирьянов.

Оның пайымынша, бақылаушылардың жұмысы-топтық жұмыс. Мұнда көп дүние сайлау процесінің барлық қатысушыларының өзара құрметіне және заңды нақты ұстануына байланысты. 

Менің ойымша, біз өркениетті елдердің де тәжірибесін көбірек зерттеп, олардың сайлау процесін ұйымдастырудың жағымды жақтарын қолдануымыз қажет. Қазақстандықтардың өзекті мәселелерді шешуге сенетін билік өкілдерін таңдауға заңмен бекітілген құқығы бар. Бұл құқықты халықтың игілігі үшін сауатты пайдалану керек. Біз бір-бірімізді құрметтеп, заңды сақтауымыз керек және бұл процеске кедергі келтірмей сайлаудың ашықтығын қадағалауымыз керек. Бақылаушылар құқықтармен қатар міндеттері де бар екенін білуі тиіс, - деп түйіндеді бақылаушы.

Кезектен тыс Президент сайлауында Ақмола облысында 517 мыңнан астам тұрғын өзінің конституциялық құқығын іске асырады. Ол үшін өңірде 738 сайлау комиссиясы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы