Сайлауда ерекше құқық бұзу анықталған жоқ – шетелдік байқаушы

20 Наурыз 2023, 12:29
1537
Бөлісу:
Сайлауда ерекше құқық бұзу анықталған жоқ – шетелдік байқаушы
Фото: Арман Мухатов

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин сайлауда ереже бұзылмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлаушылардың нақты келген санын әлі білмейміз. Алдын ала деректер бойынша шамамен 54 пайыз. Нәтижелерді ресми, яғни дауыс берудің қорытындысы жарияланғаннан кейін біле аламыз. Көппартиялы Парламенттік жүйе – бұл алға жасалған қадам деп ойлаймын. Парламент мүшелеріне келетін болсақ, олардың еңбек жолы, алға қойған күш-жігерлері маңызды болады деп санаймын, - деді халықаралық байқаушы.

Ол сайлау учаскелерінде ережелер бұзылмағанын айтты.

Біз сайлау кезінде ерекше құқық бұзуды ешкім аңғарған жоқ. Қорытындысы жарияланғаннан кейін тағы талдау жасалады деп ойлаймын. Оған түрлі баға беріліп, ұсыныстар да беріледі. Сайлау процесін жетілдіре беруге болады, - деп айтты Геннадий Семигин халықаралық байқаушыларға арналған алаңда өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы