Сайлауда әзірге заңбұзушылық тіркелген жоқ – байқаушы

10 Қаңтар 2021, 08:45
1383
Бөлісу:
Сайлауда әзірге заңбұзушылық тіркелген жоқ – байқаушы
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіподағының байқаушысы Раушан Оразалиева Алмалы ауданында орналасқан №109 учаскедегі қазіргі жағдайды баяндады.

Сайлауда әзірге заңбұзушылық тіркелген жоқ – байқаушы
Сайлау жақсы жүріп жатыр. Учаске таңғы сағат 07.00-де ашылды. Барлық байқаушы сайлау барысын бақылап отырмыз. Пандемияға байланысты учаскеде карантин талаптары сақталған. Кіреберісте дизенфекциялық туннель орнатылған, медицина қызметкерлері әр адамның дене қызуын өлшеуде. Оған қоса келушілерге маскалар таратылып жатыр. Сақтық шараларының барлығы қамтылған. Оның үстіне мүгедектігі бар адамдардың да келіп, дауыс беруіне бар жағдай жасалған, - дейді байқаушы. 

Сонымен қатар ол дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі тамаша екенін, сайлау учаскесінде заңбұзушылық тіркелмегенін жеткізді.

Біздің мақсатымыз сайлаудың әділ әрі сәтімен өтуі. Қазіргі жағдай бойынша учаскеде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы