Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясына өңірлерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деп атап өтті комиссия мүшесі.
Абай облысы бойынша –52,28%
Ақмола облысы бойынша –52,12%
Ақтөбе облысы бойынша –51,28%
Алматы облысы бойынша –52,13%
Атырау облысы бойынша –36,15%
Батыс Қазақстан облысы бойынша –55,14%
Жамбыл облысы бойынша –58,32%
Жетісу облысы бойынша –52,41%
Қарағанды облысы бойынша –56,97%
Қостанай облысы бойынша –62,36%
Қызылорда облысы бойынша –54,31%
Маңғыстау облысы бойынша –49,18%
Павлодар облысы бойынша –51,24%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –49,68%
Түркістан облысы бойынша –48,37%
Ұлытау облысы бойынша – 52,29%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша –58,69%
Астана қаласы бойынша –33,65%
Алматы қаласы бойынша –15,38%
Шымкент қаласы бойынша –35,61%.
Белгілі болғандай, ел аумағындағы 5 635 462 азамат дауыс беруге келген. Бұл дауыс беру тізіміне енгізіген азаматтардың 46,84 пайызын құрайды.
Еске сала кетейік, республикада дауыс беруге құқығы бар 12 032 550 азамат бар.