Сайлау. Жаңа құрам жаңашылдық әкеледі деп сенемін - Мұратов

27 Ақпан 2023, 13:36
1345
Бөлісу:
Сайлау. Жаңа құрам жаңашылдық әкеледі деп сенемін - Мұратов

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов депутаттар сайлауы жөнінде пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ.

Елімізде саяси жаңғыру ауқымды жүріп жатыр. Осы орайда азаматтардың саяси белсенділігі де артып келеді. Бұл – ең алдымен өз өмірімізді ғана емес, жалпы ел өмірін дамытуға деген жауапкершілік - дейді  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Мұратов  Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы -саяси құрылымды қайта құрудың бірден-бір жалғасы екенін атап өтті.

Әділдік пен ашықтықты өзгеден талап етпес бұрын өзімізден бастау керек. Азаматтардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік туды. Шынайы бәсекелестік болған жерде тұрғындар тарапынан саяси мәдениет те болғаны дұрыс. Жаңа құрам бұдан да жоғары көрсеткіш пен жаңашылдық әкеледі деп сенемін, - деді Тимур Мұратов. 

Өзгелердің жаңалығы