Сайлау қорытындысы. Тұрсынбекова үндеу жасады

21 Қараша 2022, 01:51
2635
Бөлісу:
Сайлау қорытындысы. Тұрсынбекова үндеу жасады

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға қатысқан Салтанат Тұрсынбекова экзитпол қорытындысы бойынша 2,08 процент дауыс жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл додаға қатысқан 6 кандидаттың ішіндегі соңғы көрсеткіш. Салтанат Тұрсынбекова сайлаудың алдын ала қорытындысын тікелей эфирде өз штабында қарады. 

Үміткер дауыс беру қорытындысынан соң халыққа үндеу жасады.

Әр үміткердің өз жеңісі бар. Менің жеңісім - саясаткер әйел мәртебесін жаңа деңгейде көрсеткенімде. Сайлауалды бағдарламамның арқасында кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты жою мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Мен әрбір сайлаушының жүрегіне жол тапқаныма сенімдімін және қазір тікелей эфирді пайдалана отырып, барлық берген уәделерімді орындайтынымды тағы да бір рет айтқым келеді. Әр кездесуде мен әлеуметтік маңызы бар проблемаларды, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін көтердім. Мұндай тақырыптағы жиындар өте көп болды - дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Өзгелердің жаңалығы