Сайлау күні 45 мыңнан астам полиция жұмыс істейді

17 Наурыз 2023, 15:00
1156
Бөлісу:
Сайлау күні 45 мыңнан астам полиция жұмыс істейді
Фото: misk.org.kz

Сайлау күні бүкіл ел аумағында қазақстандықтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. 

Сайлау күні бүкіл ел аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады. Олардың белгілі бір бөлігі сайлау учаскелерінде тікелей тапсырмаларды орындайды. Ал қалған полицейлер көшедегі және сайлау учаскелеріне жақын маңдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Қоғамдық тәртіпті қорғау тиісті деңгейде сақталады деп сенемін, - деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан кейін берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, 19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні екендігін ескерткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы