Сайлау ерекше өтіп жатыр – Жеңіс Қасымбек

19 Наурыз 2023, 07:54
688
Бөлісу:
Сайлау ерекше өтіп жатыр – Жеңіс Қасымбек
Фото: автордан

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек №59 сайлау учаскесінде депутаттар мен мәслихат сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дауыс беру рәсімінен соң БАҚ өкілдері әкімнен “сайлауалды науқан қалай өтті, қандай баға бересіз?” деп сұрады.

Сайлау ерекше өтіп жатыр. Бізде екі округ бойынша Мәжіліске 70-тей депутат үміткер. Сондықтан белсенді өтіп жатыр деп ойлаймын. Азаматтар көп, бәсеке бар, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, 59 сайлау учаскесінде 2861 сайлаушы тіркелген. Сайлауды 13 бақылаушы мен сенімді өкіл бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы