Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.
«Сайлау туралы» заңның 12-бабына сәйкес, ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньнің нысанына бекітеді. Сондай-ақ олардың дайындалу, қорғалу дәрежесі белгіленеді. Парламент депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің дайындалуын қамтамасыз етеді, - деді ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.
Ол атап өткендей, сайлау бюллетені нысаны ҚР ОСК-ның 2018 жылы 23 тамызында нөмірі 11/192 қаулысымен бекітілген.
«Сайлау туралы» заңның 37-бабына сәйкес, саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған саяси партиялардың атаулары енгізіледі. ОСК 1999 жылғы 13 шілдедегі нөмірі 15/214 қаулысымен сайлау бюллетеніне сайлау партияларының атауларын енгізу туралы жеребе өткізу ережесі бекітілген. Жеребе ОСК отырысында өткізіледі. Оны өткізуге сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдері қатысады, - деді ол.
Мұстафина атағандай, әрбір конвертке кезекті нөмірі бар қағаз салынады.
Конверттер желімделеді. Осылайша, тіркелген партиялардың 5 кезекті нөмірі 5 конвертке салынды. Тәртіпке байланысты оларды араластыруым керек. Партиялық тізім бойынша партиялар конвертті таңдайды, - деді ол.
Саяси партиялар тізім бойынша конверттерді таңдады.
Жеребе қорытындысы бойынша бірінші нөмір Қазақстан халқы партиясына, екіншісі – Nur Otan партиясына, үшіншісі – «Ауыл» партиясына, төртінші нөмір – «Ақ жол» партиясына, бесінші нөмір – «Адал» партиясына түсті.
Осындай тәртіппен алдағы депутаттар сайлауында партиялардың атауы сайлау бюллетеньдерінен көрініс табады.