Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

14 Наурыз 2023, 19:01
1136
Бөлісу:
Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
Фото: kaz.zakon.kz

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Болатбек Қыстауов,  София Әбдіразақова, Ілияс Досқожаев,  Нұркен Қаржаубаев және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Қызылорда облысының сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ауыл» партиясы мен «Мансап» жекеменшік мектебі Қызылорда қаласында ауыл ұстаздарын қолдау мақсатында шара ұйымдастырды.  «Білімді ұрпақ ауылдан» деп аталған осы жиынға «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар қатысты.  Жиында жас педагогтерді ауыл мектептеріне жұмысқа тарту, ауыл мектептерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мәселесі талқыланды. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Мирамбек Камалов «Aqtobe su-energy group» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК от Общенациональной социал-демократической партии (ОСДП) по партийному списку Мирамбек Камалов провел встречу с трудовым коллективом АО «Aqtobe su-energy group».

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты. 

«Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің алаңында 10 мыңнан астам адамның қатысуымен Амал мерекесі атап өтілді. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Амалға арнайы шақырғандары үшін ризашылығын білдірді. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

 

Өзгелердің жаңалығы