Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

1 Наурыз 2023, 18:57
2278
Бөлісу:
Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Respublica партиясы жаңа мүшелерінің саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Respublica партиясының турнесі Қостанай облысында жалғасып жатыр, мұнда Парламент сайлауы қарсаңында халықтың саяси белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтуге болады. Осылайша, тек соңғы күндердің өзінде қоғамның барлық саласында күрделі реформалар жүргізу қажеттігін қолдап, партия қатарына 15 мыңнан астам адам қосылды. Ал Respublica өкілдерінің Қостанайдағы халықпен кездесуіне 1000-нан астам тұрғын қатысты.

Қостанай облысын Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың «еңбек аймағы» десек те болады. Мұнда ол соңғы алты жылдан бері тұрып жатыр әрі жұмыс істейді. А.Қожаназаров «Олжа Агро» ЖШС ірі агроөнеркәсіптік холдингін басқарып, мыңдаған қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруда. Ал бұл – бүгінде халыққа ең қажет нәрсенің бәрі.

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Фото: Respublica партиясы

Қостанай облысының ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші негізгі бағыты болып табылады. Өнеркәсіпте 119 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 25%-дан астамын құрайды. Өңірде егіс көлемі 5,1 миллион гектардан асып, жүздеген шаруа қожалықтары ірілі-ұсақты мал өсіреді, сүт-тауарлы, тіпті құлпынай фермалары дамып, ондаған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары дәл осы жерде кеңінен ұсынылған.

Қостанай облысына сапарының бірінші күнінде Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Respublica партиясының Қостанай облыстық филиалының жұмысымен де танысып, «Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің басқарма төрағасы Қайрат Бисетаевпен кездесті.

Партиялықтар Қостанай облысындағы екінші күнінде «Милх», «Баян-Сұлу» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.

Бүгін Сәтбаев қалалық емханасында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өтті. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген кездесуде «BAYTAQ» Жасылдар партиясы Ұлытау облыстық  филиалының төрағасы Базаркүл Үмбетова адам өмірінің арашасы болып, күн-түні денсаулық күзетінде жүрген жандарға ризашылығын білдірді.           

Кездесуде «BAYTAQ» жасылдар партиясы  Ұлытау облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткер, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата мүшесі Қазбек Майгелдинов өңірде сайлаушылармен бірнеше кездесу өткізгендігін, медицина саласындағы қордаланған мәселелерді жақсы білетіндігін, ата-анасының да дәрігер екендігіне тоқтала келе, өзінің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттармен таныстырды.            

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Фото: «BAYTAQ» жасылдар партиясы

Штаб жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы  сайлаушылар қойған сауалдарға нақты жауап беріп, алдағы уақытта  Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданы тұрғындарымен де кездесулер жоспарланғандығын жеткізді.

1 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Нұрсұлтан Шоқанов пен  Эльмира Әуезова Алматы қаласындағы «CASPIAN BEVERAGE HOLDING» ЖШС ұжымымен кездесті. Спикерлер еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  Сөз арасында ол Денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді де тілге тиек етті. 

Партия өкілі Нұрсұлтан Шоқанов  білім саласындағы кемшіліктерге назар аударды. Ол мемлекет жастарды тиісінше қолдамайтынын айтты. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Фото: Халық партиясы

Кездесуде жұмыссыздық, көпбалалы аналар, қандастар мәселелері әңгімеге арқау болды. Сайлаушылар спикерлерге сұрақ қойып, нақты жауап алды. 

 

Өзгелердің жаңалығы